Қосымшада жұмысты бастау үшін «Тіркелу» батырмасын басу арқылы тіркеу рәсімінен өту қажет.
Келесі деректерді енгізу үшін терезе ашылады (6 сурет):
- Пайдаланушының аты-жөні;
- Қосымшаға кіру үшін пайдаланылатын ұялы телефон нөмірін көрсету керек («+7» ден басталады).
- Құпиясөзді (кемінде 6 таңбадан тұруы тиіс);
- Дербес деректер туралы келісімнің талаптарымен келісімінің белгісін қою керек;
- «Әрі қарай» батырмасын басу керек.
Келесі «Растау коды» терезесінде, көрсетілген нөмірге жіберілетін SMS-тен сандық кодты енгізу керек. Кодты дұрыс енгізгенде, растау туралы хабарлама шығады, бұл тіркеу сәтті өтті дегенді білдіреді.
*Толық сипаттаманы: «ESportkrg қосымшасы туралы жалпы мәліметтер» - «Пайдаланушыны мобильді қосымшада тіркеу» бөлімінен қараңыз.