Құпиясөзді қалпына келтіру үшін келесі әрекеттерді орындау қажет:
- Авторизациялау терезесінде «Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?» сілтемесін басу керек;
- Ашылған «Құпиясөзді орнату» терезесінде тіркеу кезінде қолданылған телефон нөмірін көрсету қажет. Одан әрі кіруге арналған жаңа құпиясөзді енгізу және құпиясөзді енгізуді қайталау қажет. «Әрі қарай» батырмасын басу керек.
- Телефон нөміріне тексеру SMS-коды жіберіледі, оны ашылған терезеде енгізу қажет;
- SMS-тен кодты сәтті енгізгеннен кейін «Растау сәтті аяқталды» мәтінімен ескерту терезесі ашылады.
*Толық сипаттаманы: «ESportkrg қосымшасы туралы жалпы мәліметтер» - «Құпиясөзді қалпына келтіру бойынша нұсқаулық» бөлімінен қараңыз.