• Жеке деректерімді қалай өзгертуге болады?

      Тіркеу кезінде көрсетілген дербес деректерге өзгерістер енгізу үшін «Басты мәзірді»  ашып, «Профиль баптаулары» бөліміне өту қажет.

      Бұл модульде пайдаланушы өзінің дербес және байланыс деректерін редакциялай алады, қажет болған жағдайда құпиясөзді ауыстыра алады, интерфейс тілін өзгерте алады, «Жеке кесте» және «Таңдаулы» бөлімдерінен хабарландыруларды алуды баптай алады. Дербес деректерді енгізу кириллицада да, латын әріптерінде де жүзеге асырылады.

       

      *Толық сипаттаманы: «Мобильді қосымшаның бүйірлік тақтасының сипаттамасы» - «Профиль баптаулары» бөлімінен қараңыз.