• Егер мен жаттықтырушы болсам, маған қандай мәліметтер қол жетімді болады?

      Жаттықтырушы ретінде қосымшада авторизациялану үшін «Басты мәзірді» ашып, «Жаттықтырушы ретінде кіру» бөліміне өту қажет.

      Ескертпе: Қосымшада тек «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» ААЖ-не  қолжетімділігі бар жаттықтырушыға ғана авторизациялануға болады.

      Қосымшада авторизациялану үшін ұйымды, «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» ААЖ-не кіру үшін пайдаланылатын логин мен құпиясөзді көрсету талап етіледі.

      Ашылған бетте спорт түрі туралы мәліметтер және осы жаттықтырушыға бекітілген кестесі бар оқу топтарының тізімі бейнеленеді. Қосымша топтар бойынша сабақ кестесін көруге болады. Ол үшін топтың атауына басу қажет.

       

      *Толық сипаттаманы: «Мобильді қосымшаның бүйірлік тақтасының сипаттамасы» - «Жаттықтырушы ретінде кіру» модулі» бөлімінен қараңыз.