• eSPORT порталында қалай тіркелуге болады?

      eSPORT порталында тіркелу үшін басты бетте «Тіркелу» батырмасын басу қажет. Бұдан әрі ашылған бетте «Жаңа пайдаланушыны тіркеу» нысанында өрістерді толтыру қажет:

       - пайдаланушының Тегі, Аты, Әкесінің аты (ТАӘ);

       - Ұялы телефон нөмірі;

       - Құпиясөз;

       - Құпиясөзді растау;

       - Суретте көрсетілген әріптік код.

      Бұдан әрі дербес деректерді пайдалану туралы келісімнің шарттарымен танысу және келісу туралы белгі орнату және «Құру» батырмасын басу  керек.

      Нәтижесінде көрсетілген нөмірге сандық коды бар СМС-хабарлама автоматты түрде жіберіледі, оны ашылған бетте «Нөмірді растау» өрісіне енгізу және «Растау» батырмасын басу қажет.

       

      *Толық сипаттаманы: «Пайдаланушыларға» - «Порталда тіркелу» бөлімінен қараңыз.