Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкері деректерді жаңарту үшін қосымшада авторизациялануы және қосымшаның жұмыс аймағының сол жақ жоғарғы бұрышында орналасқан батырманы басу арқылы жаңарту бетіне өтуі қажет. Бетте ұйымдар, бөлімдер, жаттықтырушылар және іс-шаралар туралы ақпаратты жаңарту мүмкіндігі бар. Ол үшін «Деректерді жаңарту» немесе «Алу» батырмасын басу қажет. Деректер автоматты түрде «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» автоматтандырылған жүйесінің деректер базасынан жүктеледі және тиісті бөлімдерде көрсетіледі.
*Толық сипаттаманы: «Дене шынықтыру және спорт басқармасының қызметкерлеріне» - «Дене шынықтыру және спорт мониторингі» базасынан деректерді жаңарту» бөлімінен қараңыз.