Спорт ұйымының қызметкері пайдаланушылардан жаңа хабарламаларды көру үшін қосымшада авторизациялануы керек, содан кейін «Хабарламалар» модуліне өтуі керек.
Тізімде жаңа хабарламалар қызғылт сары фонмен белгіленген және «Жауап жоқ» статусы бар. Хабарлама мәтінін қарау үшін жаңа хабарлама жолының соңында «Жауап беру» батырмасын басу керек.
Нәтижесінде «Хабарлама» блогындағы ашылған бетте пайдаланушыдан келіп түскен хабарламаның мәтінімен танысу керек.
Дайындалған жауапты осы бетте «Жауап» блогына енгізіп, «Сақтау» батырмасын басу қажет. Автоматты түрде жауап пайдаланушыларда жеке профильде көрсетіледі.
Хабарламаға жауап бір рет жіберіледі және жіберілгеннен кейін редакциялауға жатпайды.
*Толық сипаттаманы: «Спорт ұйымдарының қызметкерлеріне» - «Хабарламалар» бөлімінен қараңыз.