Спорт ұйымының қызметкері пайдаланушылардан жаңа өтінімдерді қарау үшін қосымшада авторизациялануы және «Өтінімдер» модуліне өтуі қажет.
Тізімде жаңа өтінімдер қызғылт сары фонмен белгіленген және «Өңделді» бағанасында қызыл түсті шеңбермен белгіленген.
Өтінімді қарау үшін жаңа өтінім жолының соңында «Қарау» батырмасын басу қажет.
Ашылған терезеде өтінім мазмұнымен танысып, өтініммен жұмыс бойынша қажетті іс-шараларды жүргізіп, содан кейін ол өңделгені туралы белгіні қойып, қажет болған жағдайда, ескертпені қосып, «Сақтау» батырмасын басу керек.
«Өңделді» деген белгіні қойғаннан кейін ескертпені редакциялау мүмкін емес.
*Толық сипаттаманы: «Спорт ұйымдарының қызметкерлеріне» - «Өтінімдер» бөлімінен қараңыз.