• Портал беттерінде орналасқан сүзгіні қалай пайдалануға болады?

      Нысандар, секциялар, алаңдар, корттар, жаттықтырушылар туралы ақпарат бетінде сүзгіде көрсетілген параметрлерге сәйкес нысандар бетінде көрсетілген санын қысқартуға мүмкіндік беретін сүзгі орналасқан.

      Беттерде орналасқан сүзгі бір және бірнеше критерийлерді қамтуы мүмкін. Критерийлерді орнату келесі түрде ұсынылуы мүмкін:

      - тізімнен қажетті мәндерге қарама-қарсы белгіні орнату (мысалы, аймақ). Бұл әдіс бірнеше мәндерді белгілеуге мүмкіндік береді;

      - ашылмалы тізімнен мәнді таңдау (мысалы, спорт түрі, ғимарат түрі, ұйымның атауы);

      - мәндерді қолмен енгізу (мысалы, секцияда шұғылданушылардың жасы).

      Сүзгінің қажетті мәндерін орнатқаннан кейін, бетте тек берілген сүзгіге сәйкес келетін нысандар автоматты түрде көрсетіледі.

       

      *Мысалы, сүзгіні пайдаланудың толығырақ сипаттамасын: «Пайдаланушыларға» - «Спорттық секциялар» бөлімінде көруге болады